Ұлы Жібек жолы тармақтарының Қазақстан қалалары арқылы өтуі мәдениет пен өнердің дамуына септігін тигізді. Саудамен қатар, Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы т.б. елдермен дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатқан жол болды. Жібек жолы жаңа технологиялар мен жаңалықтар, мәдени, ғылыми жетістіктер алмасу жолы да еді. Қазақстан осы жол арқылы қағаз және оқ-дәрімен танысты. Бүкіл әлем соғыс арбаларын жасауды игерді, басқа да әскери өнер жаңалықтары тарады. Сақтардың «аң стиліндегі» алтын бұйымдарының таңғажайып үлгілері осы жол арқылы бүкіл әлемге паш етілді. Жібек жолымен Қазақстанға басқа елдердің сәулет құрылыстары, бейнелеу өнері, би, музыка сияқты мәдени ауысулары ағылып жатты. Жергілікті халық киім-кешек пен қару-жарақ, сауыт-сайман, дәмдеуіштер мен кептірілген жемістер сатып алды. Батыс пен Шығысты түйістіріп тұрған сауда жолымен христиан, буддизм, ислам, манихейлік діни ағымдар тарады. Қазақстан аумағын мекендеген халықтар ғасырлар бойы әртүрлі діндер мен конфессияларға төзімді және келісімді өмір сүріп келгені – ежелден келе жатқан дәстүр.
Answers & Comments