6. Қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкіліне достық көңілдерінді білдіріп, хат жазыңдар. Хат мәтінінің кіріспесінде өздерің жаттаған Елбасы Н.Назарбаевтың сөзінен үзінді, не- гізгі бөлімінде төмендегі сөздер болсын. Соңында өздеріңді таныстыруды ұмытпаңдар. Мұратыңызға жетіңіз! Сәттілік тілеймін! Мерейіңіз үстем болсын! Нұр жау- сын! Айыңыз оңынан тусын!
памагите пожалуйста
Answers & Comments
Қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкіліне хат жазу.
Сәлем, Андрей!
Қалың қалай? Үйіңе аман-есен жеттің бе?
Сабақ басталып, бұрынғыдай ғаламтор беттеріне жиі кірмей жүрген сияқтысың?
Сенің алдындағы хатыңды оқып, бір қуанып қалдым! Қазақ тілін үйрену туралы дұрыс шешім қабылдапсың! "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін" деп аталарымыз айтқандай, қазақ тілін меңгерсең, артық болмас. "Ана тілің алпыс тілге татиды" демекші, ана тіліміз - біздің бойымызға ана сүтімен дарыған байлығымыз. Сенің ана тілің өзге болғанымен, қазақ тілін меңгеру - бүгінгі заман талабы.
Енді барынша көп сөз үйреніп, қазақша хабарлар көріп, көп жаттығуға тырыс. Мен де қолымнан келгенше көмектесейін. Осылайша қазақша хат алмасып тұрайық!
Жақсы, хабарласып тұр!
Сәлеммен, досың Әсет