6
-тапсырма.
Диалогті толықтырыңдар.
- Автор не себепті «Абайдың емiрi - ғажап емiр>> деп есептейді?
- Абай медреседе өз уакытын калай пайдаланған?
- Сен мектептегi уакытынды тиімді пайдаланып жүрсің бе? Кандай
тiлдердi бiлесiн?
- Абай Е. П. Михаэлиспен кай жерде таныскан?
- Сен кітапханаға жиi барасың ба?
Ақынды кiмнiң өмiрi катты толғандырды?
-Сен айналандағы адамдардың емiрi туралы ойлайсың ба? Не
себепті?
Answers & Comments
Ответ:
Абай өмірі — ғажап өмір. Бесікте әнмен әлдиленген ол көшпелі елде, әртүрлі рулардың салтында әсершіл боп өседі. «Махаббат пен ғадауатқа» ерте қанығады. Тіршіліктің шұғылалы жағы мен көлеңкелі жағын түгел таниды. Бармағынан бал тамған өнерпаздарға қызықса, қарапайым жандардың ішкі сұлулығына сүйсінсе, үй ішіндік, рулық, таптық шәркездіктерге жауап іздеуге тиісті болады. Бұған құбылмалы табиғаттың әсерін қосыңыз. Шыңғыстау атырабы кектемде құлпырып, жазда шалқыса, күзде қуарып, қыста қылышын сүйретіп шыға келеді. Жайлы мәуіртте желпіндірсе, жайсыз шақтарда шыныктырады. Алмасқан дүние, қайшы әсер!