Бурабайдағы Оқжетпес жартасы туралы аңыз - әңгіме.
Ертеде Бурабай деген елде Оқжетпес деген бала өмір сүріпті.Бой ұзын,тұлғалы балаға атқан оқ жетпейді екен.Сондықтанда Оқжетпес аталыпты.Бала өзге балалардан ерекше батыр тұлғалы болып ер жетіпті.Елге шапқан жауға тойтарыс беретін батыл әрі ер жүрек болыпты.Айқастан кейін жараланған тәнін Бурабайдың көлінің суымен емдеп,саф ауасымен тыныстайды екен.Бір күні жау шауып,Оқжетпес оларға қарсы шығады.Жаудың санының көптігі сонша Оқжетпес бахадүр шаршасада,аянбай соғысады.Сәл аялдаған кезде демалып жатқан Оқжетпесті жау қапылыста бас салады.Жауларын сілкіп тастап айқаса береді.Әлі құрып,демі бітер шақта : Уа,Тәңірім! Мені жау қолынан қаза тапқызып,ұятқа қалдырмай тасқа айналдыр,- деп айқайлаған көрінеді.Сол кезде аспан айналып жерге түскендей жағдай болып,батыр жартасқа айналыпты.Содан бері ол жартас Оқжетпес деп аталып кеткен көрінеді.
Answers & Comments
Verified answer
Бурабайдағы Оқжетпес жартасы туралы аңыз - әңгіме.Ертеде Бурабай деген елде Оқжетпес деген бала өмір сүріпті.Бой ұзын,тұлғалы балаға атқан оқ жетпейді екен.Сондықтанда Оқжетпес аталыпты.Бала өзге балалардан ерекше батыр тұлғалы болып ер жетіпті.Елге шапқан жауға тойтарыс беретін батыл әрі ер жүрек болыпты.Айқастан кейін жараланған тәнін Бурабайдың көлінің суымен емдеп,саф ауасымен тыныстайды екен.Бір күні жау шауып,Оқжетпес оларға қарсы шығады.Жаудың санының көптігі сонша Оқжетпес бахадүр шаршасада,аянбай соғысады.Сәл аялдаған кезде демалып жатқан Оқжетпесті жау қапылыста бас салады.Жауларын сілкіп тастап айқаса береді.Әлі құрып,демі бітер шақта : Уа,Тәңірім! Мені жау қолынан қаза тапқызып,ұятқа қалдырмай тасқа айналдыр,- деп айқайлаған көрінеді.Сол кезде аспан айналып жерге түскендей жағдай болып,батыр жартасқа айналыпты.Содан бері ол жартас Оқжетпес деп аталып кеткен көрінеді.