6-тапсырма. Мәтінде айтылған өнім туралы хабарлама жаз.
Еліміздің медицина саласында діңгекті жасушаның қолданылуы – ең
үлкен жетістік. Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары медицина са-
ласына діңгекті жасуша алу әдісін ойлап тауып, кешенді ізденіс жұмыстарын
жүргізуде.
Тұңғыш рет күйіктер мен жараларды емдеу үшін адам терісінен алынған
жасушалардың жаңа түрлерін әзірледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының талаптарына сәйкес олардың қауіпсіздігі тексеріліп, Ұлттық ғылы-
ми медицина орталығында клиникаға дейінгі сынақтардан өтті. Әзірлеп шы-
ғарылған әдіс негізінде зақымдалған тері қабатын қалпына келтіруге ар-
налған жасуша трансплантанттары алынады. Жақында Республикалық жедел
медициналық ғылыми орталықта тұңғыш рет жасанды тері қолданылды. Бұрын
аса ауыр әрі күрделі күйіктен адам өліп кетуі мүмкін болатын. Қазір теріні жа-
майды, соның нәтижесінде жараның жазылып кетуі екі есеге жылдамдайды.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.