Үйде жатып алып оймен ауылға саяхаттадым.Жазда атамның ауылына барғанды ұнатамын.Атам екеуміз жүзімнің астындағы сәкіде ұйықтаймыз.Атам өткенінен әңгіме қозғайды.Әкемнің кішкене кезіндегі бұзықтықтарын айтып беріп,екеуміз күліп аламыз.Әңгіме тыңдап жатып қалай ұйықтап кеткенімді білмей қаламын.Таңертең күн түскен соң оянамын.Әжем сары самаурынға шәй қойып,ыстық майға салған таба нанын әкеледі.Бір кесе айранын іше сала далаға шығып кетемін.Шіркін,таңғы ауылдың көрінісі керемет қой.Жүріп отырып,тау етегіндегі бұлаққа келемін.Бастауы таудан болғасын ба суы мұздай әрі мөлдір таза.Суын ішсең сергіп қаласың.Айнала көмкерілген таулы шоқы,төбеден құлай аққан су.Нағыз саяхаттап,демалатын жер жәннәті.Есіме қазақтың ұлы ғалымы,шығыстанушы,географ Шоқан Уәлихановтың: "Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік,жанға жайлы бір нәрсе бар", - дегені түседі.Шынындада табиғатта адам жанына жайлы,сүйсінерлік тылсым бір күш бар,өзіне тартып тұратын.Оймен ауылға саяхаттап болып,сабаққа кірістім.Досым,ал сен оймен қайда саяхаттадың?
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: