70 баллов за ответ!

Сократите до 50/60 слов(то есть найдите главную информацию)

Если будет нужно в комм. могу дать перевод)

Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы - Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққанды. Солардың ішіндегі ең атақтысы - біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабил «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрінен сусындап өсті.|Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған, Міне, осындай кітап қоры өте бай кітапхана пұтқа табынушы шапқыншылардың аяғына тапталады. Бұл - 1218 жыл болатын. Алайда, моңғол әскерінің Отырарды 6 ай бойы қоршауы кезінде кітапхана құпия түрде жер астына жасырылған дейтін дерек бар. Бірақ та, оның нақты қай жерге жасырылғаны жөнінде бүгінгі күні ешкім білмейді. Отырар кітапханасын табу үшін археологиялық қазба жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Орта ғасырдан жеткен бір аңызда былай дейді: бір аңшы түлкіні қуып келе жатқанда, түлкі бір апанға кіріп кетеді. Аңшы апанды қаза бастағанда, қолына папирус қағазы ілігеді. Сөйтсе, апан дегені - үңгірге кіретін есік екен. Сырттан түскен жарықпен жігіт үңгірде қатар-қатар тізілген көне кітап үйінділерін көріп қалады. Алайда, сол сәтте түлкі екінші бір жерден атып шығып, соның артынан қуып кеткен аңшы кейін бұл апанды қайта таба алмай калған көрінеді. Болжам бойынша, аңшының сол көргені - Отырар кітапханасының жер астына жасырылған кітаптары болуы ғажап емес. Отырар Александрия кітапханасынан да үлкен болды деген пайымдар да бар. Атақты Александрия кітапханасын, Египеттегі Александрия қаласын, Македонекийдің бұйрығымен атақты Птоломей II б.з.д. III ғасырда салды. Ол да себепсіз емес. Зұлқарнайын Орта Азияны жаулап алғанында кітапханаларды көрген шығар!?
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.