Балқаш – Азиядағы ең ірі су қоймаларының бірі. Бұл көл Қазақстанның үш облысының аумағында орналасқан: Алматы, Жамбыл және Қарағанды. Көлдің жалпы ауданы 16,5 мың шақырымды құрайды. Пішіні жарты айға ұқсас. Оның ұзындығы 600 км, ал ені 70 км-ге дейін жетеді. Ең терең жері – 26 метр. Геологтардың пікірінше, ол 35000 жыл бұрын пайда болған. Балқаштың басты ерекшелігі: оның бір бөлігі – тұшы судан, ал екінші бөлігі – тұзды судан тұрады. Тағы бір таңқалдыратын құбылыс, ол құрғақ климатты шөл далада және жауын-шашын сирек жауатын аймақта орналасқан. Балқаштың флорасы мен фаунасы алуан түрлі. Балықтың шамамен 20 түрі бар! Ежелгі қазақтар оны «Балық ас» деп атаған екен. Сонымен қатар, құстардың 120 түрі кездеседі, олардың 12-сі Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл аймақ – өте сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерге толы.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: