.68-бет, 4-тапсырма.Мәтінді оқы.
2000 жылы Сидней олимпиадасында Тәуелсіз Қазақстан әлемге та-нылды. Алғашқы сайыста алтын медальді ұлттық құрамадағы 20 жастағы спортшы — Бекзат Саттарханов әкелді. Артынша Ермахан Ибраимов алтын медальмен, ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков күміс медальмен ма-рапатталды. Осылайша, олар бірнеше мәрте нағыз бокстың үлгісін көрсетті.2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарында да былғары қолғап шеберлері «жеңімпаз» атанды. Бақтияр Артаев алтын медальдің иегері болды. Ол қазақ спортшыларының арасында тұңғыш рет Вэл Баркер кубогының иегері болды. Осы бәсекеден кейін Геннадий Головкин мен Серік Елеуов те қарсыластарын ұтып, жанкүйерлерді қуантты. Олар күміс, қола медальдармен марапатталды.
2008 жылы Пекин олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтын медаль, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Шынәлиев қола медаль алды. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында Серік Сәпиев бірінші орын алып, Вэл Баркер кубогын иемденді.
1. Мәтінге ат қой.
2. Мәтіннің негізгі идеясы не?
3. «Алғашқы сайыста алтын медальді ұлттық құрамадағы 20 жастағы спортшы — Бекзат Саттарханов әкелді».
Мына сөйлемнің сұрағы қандай болады? срочно
Answers & Comments
Ответ:
Мәтіннің тақырыбы.
1.Қазақстан бокс шеберлері.
2.Мәтіннің негізгі идеясы-Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытқан бокс чемпиондарын дәріптеу.
3.2000жылы Сидней олимпиадасында алғашқы сайыста ұлттық құрамада алтын медальді кім әкелді?