Бауыр - туыстық атау. Дәстүрлі ортада бір әке-шешеден туған, жақын немере, туысқан адамдар бауыр деп аталады. Бір әкеден, бір анадан туған ағайынды адамдарды бірге туған бауыр, бірінен кейін бірі туған бір әкенің балаларын төте бауыр, бір әкеден туған, жастары үлкенді-кішілі адамдарды туған бауыр дейді. Бауырдың кішісі өзінен үлкенге арқа сүйеп еркелесе, үлкені жақсысына сүйініп, жаманына күйінеді, тілегін тілеп, ақыл-кеңес береді. Кейде немере, шөберелер, тіпті рулас адамдар да бірін-бірі бауыр дейді. Қазақтар жақыны қайтқанда «Ой бауырымдап» дауыс салып келеді. Бұл дәстүрлі қазақ қоғамында бауырдың өте үлкен мәнге ие екендігін білдірсе керек.
Құдалық барысында жақын туыс болғандығын білдіретін «құйрық-бауыр жеу» дәстүрі көне наным-сенімнен туған. Этнотілдік ұжымның сөз қолданысындағы бауыры езілу, жер бауырлап қалу, жерден бауырын көтере алмай қалу сынды тіркестер қатты қапалық пен қайғыға душар болған адамға қатысты айтылатын сөз орамдары. Мұның негізінде ең жақын, етжақын туыс дегенді білдіретін ұғым жатыр.
Дәстүрлі ортада бауыр қимас жан, орны ерекше туыс сипатында түсініледі. Ел аузындағы хикаяларда бауырдың жақындығын көрсететін үлгілер көптеп кездеседі. Солардың бірінің мазмұны мынадай. «Ертеде Төлек атты батыр болыпты. Қазақ пен қалмақтың арасындағы бір қақтығыста қазақ жағы жеңіліске ұшырап, Төлек батыр ұлын артына мінгестіріп қашып келе жатса, «ағатай, бізді қалдырма!» деп Есенбай, Құлтан деген інілері алдынан шығыпты. Соңынан дұшпаны өкшелеп, алдынан екі інісі шырқырағанда Төлек батыр:
Көзімнен аққан қанды жас, Атаңды күнде жау қумас. Әйелдің ұлы аттан түс, құдайым ұлсыз қалдырмас. Емшектес болған қос бауыр, Төлекке қайтып табылмас! - деп баласын жауға қалдырып, екі інісін құтқарып қалған деседі. Осы тектес бір нұсқада әйел адамның бауыры үшін баласы мен күйеуін өлімге қиғаны туралы айтылады.
Бауыр – әркез саған жақсылықты тілеп, қуансаң балаша мәз болатын, мұңайсаң қабырғасы қара жердей қайысатын жан. Кішкентай кезімізде бәріміз үйде бірге болдық. Уақыт өте әпкемдер өз шаңырақтарына қалықтап ұшып кетті. Қазір әр қайсысы бір отбасының түтінін түтетіп отыр. Кейде қара шаңырақта бас қосып жиналғанымызда бұрынғы сәттердегі қызықты оқиғалар мен естеліктерді, әрқайсысымыздың кішентай кездегі тәтті қылықтарымызды еске алып, күліп отырамыз. Бауырлар ғажап сәттерімізді еске салып отыратын мұрағат іспеттес. Олармен өткізген әр сәт алтынға бергісіз ғажап сәттер. Мен бауырларымды шексіз жақсы көремін.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:

Объяснение:
По моему так. Не за что