July 2023 1 0 Report
Переведите текст пожалуйста

Нұрбектің де дерті содан болды ғой
Түсіндірме сөздік
деп ойлаймын… Ана жылы шөпшілер
бригадасында істегенде «Дегелеңнің» ма-
шашы жидіп түсу -
ңынан шөп шапқан еді… Ыстықтаған
шаштың түбі босап түсуі
соң салқындап алайын деп кішкене көлге
қылтамақ - тамаққа түскен
шомылыпты. Содан ертеңінде бүйіріне
жаман ауру
ойы он сақта - әр нәрсені
бармақтай жара шығып, іріңдей бастады.
ойлау
Дәрігерге барып көрінсеңші дегеніме құлақ
асты ма?! «Қазір науқан кезі. Онсыз да
жұмыс бастан асады. Болмашы нәрсе ғой, ештеңе етпес» деп елемеді.
Ал жара күннен күнге ұлғайып, қыс түсе Нұрбектің өне бойына
қаптады. Сонан қаралмаған дәрігері жоқ, ешқандай ем қонбады.
Уақыт өткен сайын аяқ-қолы семіп, қозғалудың өзі күшке айналып
барады. Шашы жидіп түсті. Бір қабат терісі қураған теректің қабығы
секілді қабыршақтанып тұр, - деді Гүлжан көзіне жас алып…
…Ол ауыл іргесіндегі өзенге қарай беттеді. Айналадағы шөп,
сарғайып, қурай бастаған.
Ойы он сақта өзен жағасымен келе жатқан Гүлжан су бетінде
қалқып жүрген өлі шабақтарды көргенде әрі-сәрі күйге түсті.
«Қайран, Шаған, бір кездері көздің жауын алатындай мөлдіреп, арнасына сыймай буырқанып жататын арынды өзен емес пе едің!»
Кенет қатты жел тұрды. Аспанды қара қошқыл бұлттар қаптап,
жаңбыр себезгілей бастады.
Ауылға тақай бергенде, әлденені шоқып жатқан үш құзғынды көзі
шалды. Гүлжан жақындағанда, олар дүркірей көкке көтеріліп, жерде
жүні жұлмаланып, ішек-қарны ақтарылған ақ көгершін жатты…
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.