Сүйінбай – бүкіл «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» (М.Әуезов). Ол – шашасына шаң жұқпаған айтыс ақыны, от тілді, орақ ауызды шешен, қазақ шежіресінің сұңғыла білгірі, өлеңнің қызыл желі. Жамбыл өзінің ұлы ұстазынан осы қасиеттердің бәрін алды. «Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап, Қара дауыл құйындай» деп ақынның желдіртетіні осыдан. Ұстазының шеберлігін өз бойына дарыта білген ақын «іздегенге сұрағанның» нақ өзі еді. Өйткені, ол бүгінгідей арнайы филологиялық білім алмаса да, сөз құдіретін тамыршыдай тап басқан сирек дарын иесі болатын. Ұстаз ұлағаты мен үздік дарын арқасында сан қырлы қайталанбас жыр жауһарларын тудырды.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: