§7. Қауышу күні 1. Мәтінді оқыңдар, осы мейрам туралы бұрын оқыған мәліметте- ріңмен бөлісіңдер. Авторына сілтеме жасандар.
Көрісу («амал мерекесі» деп аталады) Казакстанның Te батыс өңірі мен Ресейдің шека- ралас аймақтарындағы қазақ- арасында сақталған тардын ежелгі дәстүр. Осы аймақ тұр- ғындары 14 наурызды «Көрісу күні» деп атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең- алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-біріне «жасың, жылың құтты болсын!», «жа- сына жас косылып, ғұмырын узак болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмыты- лады, бір-бірін асқа шақырып, амандық-саулық, құт-береке тілейді. зайз Көрісу - тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкен- дерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйт- кені көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, салем беруге тиiс. («Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясынан)
Answers & Comments
Ответ:
дұрыс!?!?!
Объяснение:
дұрыс!?!?!