Сөз тұлғасы – сөздің грамматикалық мәнін білдіретін морфологиялық және фонологиялық белгілерінің жиынтығы. Мысалы, баланы – жалпы есім, жекеше, табыс септік тұлғасындағы бала сөзінің сөз тұлғасы, келеді – ҚҚҚ жақ жекеше тұлғадағы ауыспалы өткен шақ мәндес кел етістігінің сөз тұлғасы дейміз. Сондай-ақ тілдік жүйедегі грамматикалық формада түрленген әрбір сөз сөз тұлғасы болып табылады. Сөз тұлғасы грамматикалық мағына мен сол мағынаны білдіретін тұлғалық көрсеткіштердің бірлігінен құралады. Сөзге грамматикалық мағына үстейтін формалар қосылуы арқылы сөз тұлғасы жасалады. Сөз тұлғаларының ішінде біреуі ғана оларға негіз болып, ол сөз белгілі бір сөз табының түбір (негізгі не туынды) тұлғасы болып келеді. Мысалы, сапалық сын есім шырай түрлеріне негіз болады, кез келген түбір тұлғалы зат есім септік, тәуелдік, жіктік тұлғаларына негіз болады. Балақай, балақан, баламен, т.б. сөздер – бала сөзінің грамматикалық мағына білдіретін тұлғалары.
Answers & Comments
Ответ: