Фразеологизм дегеніміз – тұрақты сөз тіркесі. Ол екі немесе одан да көп сөздердің тұрақты түрде тіркесуі арқылы жасалып, ауыспалы, бейнелі мағынаны білдіретін сөз тіркестері болып табылады.
Ғылыми еңбектерде фразеологизмдерге үш түрлі белгі тән екендігі айтылған:
тіркес тұрақтылығы;
мағына тұтастығы;
қолдану тиянақтылығы.
Фразеологизмдер қолданыста дайын күйінде жұмсалады. Тіркес құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, фразеологиялық мағына сол сөздердің жалпы жиынтығынан келіп шығады. Сөйтеді де бір ғана мағынаны білдіреді.
Мысалы, төбе шашы тік тұру – қорқу деген мағына білдіреді. Бұл тұрақты сөз тіркесі ретінде бір мағынада қолданылады, сөздердің орнын ауыстыра алмаймыз, үнемі бірге жүреді.
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.
Answers & Comments
Ответ: