7. Екi тапсырманын бiрiн орындандар.
1. Қосымша ресурстардан Ж.Аймауытұлы кызмет еткен газет-
журналдар туралы мәлімет жинап, шагын мәтін жазыңдар.
2. Оқылым мәтiнi бойынша «ББТЗО» кестесін толтырыңдар.
Б (бiлемiн)
Б (білгім келедi)
T (табу)
3 (зерделеу)
0 (одан кейiнгi
iс-әрекет)
Ол туралы мен не бiлемiн?
Нені білгім келеді?
Көбірек ақпаратты кайдан таба аламын?
Нені зерделеу керек?
Одан әрi не істеу керек?
Answers & Comments
Ответ:
Ж.Аймауытұлы – қазақтың психологиялық прозасын қалыптастырушы жазушы, ақын. Қазақтың тұңғыш пьесаларының авторы, драматург. Алаш қайраткерлерінің бірі. Көсемсөзші, қазақ журналистикасының көшбасшысы. Сонымен қатар қазіргі XXI ғасырда таңғалатын психологиялық романдардың авторы. Психология, педагогика, оқу әдістемесі деген мамандықтың басында тұрған ғалым. Ол жайында замандастары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы жазып кеткен. Ж.Аймауытұлы қазақ газет-журналдарының көбісін өзі шығарды. Қазақтың ұлттық мүддесін қорғайтын көптеген мақалалар жазды. Өзі Біржан салдың рөлін ойнап, қазақ театрының басында тұрған тұлға. Мәскеуге барып өзге елдің мәдениетін көрген Жүсіпбек, кенжелеп жатқан қазақ көсемсөзін, яғни журналистикасын алға сүйреуге бар жанын салды. Әлемдік деңгеймен салыстырғанда тұралап тұрған қазақ мәдениетінің көтерілуіне өз мақалаларымен үн қосты. «Сарыарқа», «Қазақ», «Абай» сынды қазақ газет-журналдарының өркендеп дамуына, оның ұшқынының жан-жаққа таралуына көп атсалысты. Қазақтың өз ішіндегі тартыстарды да тоқтатуға күш салды. Ж.Аймауытұлы саясаттанушы да болған. Саяси бағытта жазылған баяндамалары ұлтына қызмет ету, ұлтты сүю, қазақтың мемлекеттілігін сақтау бағытында жазылған. Қазақтың мемлекеттілігі үшін әрбір қазақ іс басында табылуы қажет деген керемет ойлар айтқан.
Объяснение: