- 7-тапсырма. «Қазақстандық боксшылар – олипиада жеңімпаздары» тақыры. бында таныстырылым жаса. Ойыңды екпін түрлерін қолданып тұжырымды, сенімді жеткіз. Өз сөзінде етістіктің мағыналық түрлерін тиімді қолдан, Ермахан Ыбрайымов 2000 ж. Сидней Бақтияр Артаев 2004 ж. Афины Бақыт Сәрсекбаев 2008 ж. Бейжің Серік Сәпиев 2012 ж. Лондон
Answers & Comments
Ответ:
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген. Боксшы, 2005 және 2007 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері.
Әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), Азияның екі дүркін чемпионы (2007,2009), Азия ойындарының жеңімпазы (2010), бірқатар ірі турнирлер медальдары мен жүлделерінің иегері. Қазақстанның атақты боксшыларының бірі.
2008 жылғы Бейжің жазғы олимпиада ойындарына қатысушы, бірақ та жартылай финалға өте алмады. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында жапондық Ясухиро Сузукиді, венесуэлалық Габриель Маэстр Перезді, ресейлік Андрей Замковойды, ал финалда жарыс қожайыны - британдық Фрэдди Эвансты жеңіп, 69 келіге дейінгі салмақта олимпиада чемпионы атанды.
Объяснение:
міне Серік Сәпие туралы мәлімет дұрыс