7-тапсырма. Берілген ақпаратты пайдаланып, «ЭКСПО-2017 көрмесі — КА) ғасыр ғылымының жетістігі» деген тақырыпта мектеп газетіне шағын мақала жазыңдар (қосымша ресурс көздерін пайдаланыңдар). Мақаланы талапқа сай жазған-жазбағандарыңды бағалаңдар.
Еліміздің бас қаласы Астананың келбеті арайлана түсті. Ару Астананың ортасындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қалашығы ертелі-кеш төрткіл дүние туристерін қабылдап, қайталанбас қызықтарға кенелді... Талаптары:
• ЭКСПО-2017 көрмесі туралы қамту;
• көрменің орналасқан жері, көлемі туралы ақпарат беру;
• көрмеге қатысқан елдердің ғылыми табыстары жөнінде баяндау;
• шамамен 70-80 сөзден тұру.
Answers & Comments
Объяснение:
Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты [1].
Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады.
Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді.