Сүйінбай Аронұлы (1815 жыл, Қарақастек ауылы Ресей империясы – 1898 жыл, сонда) — қазақ айтыс ақыны.Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған.
Сүйінбайды достық дәнекері деп атаудың да түп-төркіні оның осы ақындығы мен айтыскерлігінде жатыр. "Сүйінбай сан түрлі саңлақ ақындармен айтысқан, соның бәрін жеңген, әсіресе, Сүйінбай мен Қатағанның айтысы адам таңғаларлық ерекше айтыс қой! Мені алғаш рет қырғыз еліне таныстырған да – осы айтыс" деген екен Жамбыл Жабаев жазушы Сапарғали Бегалинге айтқан естелігінде. Бұл аламан айтыстың қолжазбасы 98 беттен немесе 4472 тармақтан тұрады. Жамбыл Жабаевтың ауызынан жазып алынған.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: