Ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітапхана құрайды. Кітап оқу білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Кітап – адамның жан дүниесінің рухани қазынасы, асыл байлықтың өлшемі. Күнделікті қарапайым өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез аңғаруға болады. Кітап оқыған адам ақыл-парасат, таным, білім, жұртпен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мәдениеттілігі сияқты ізгі қасиеттерімен ерекше болып тұрады.
Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шындап келгенде, әр кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, адамның ақыл қалтасына ұқсайды. Негізі, кітап оқу өмірде қателікке бой алдырмау үшін басқалардың тәжірибесімен танысу дегенді де білдіреді. Адамға таптырмайтын бірден-бір пайдалы дос – кітап. Ешкімнің мазасын алмайтын, керек кезде жаныңнан табылатын, қиналғанда ақылшы болатын, үйреткен ақылына ақы сұрамайтын, жансарайыңды серпілтетін, көңіліңе шабыт қондыратын, өзі үн қатпаса да, өзінің ішкі әлемімен елітетін, дұрыс таңдау жасауға жол сілтейтін әрі адамды жалықтырмайтын серік деуге де болады.
Answers & Comments
Ответ:
ЛУЧШИЙ ОТВЕТ ДЕП СТЕШЫЫЫ!!!!!!!