Еуропаның дәл ортасындағы, жүрегі атанған ел – Қазақ елі. Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатындай ұлан – ғайыр аумақтың иесі. Мен мақтанышпен, көкірегімді көкке көтеріп «Мен Қазақстанның жас ұрпағымын, келешегімін!» - деп жарияға жар сала аламын.
Тәуелсіздік - қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Нұр-Сұлтан, облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілқайыр сияқты әйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді - мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді. Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары жайлы том - том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды. Тәуелсіздікпен бірге оралып, ұрпағына ұланғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жалындаған жастардың арасында аса зор патриоттық өрлеу туғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатты. Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр. Әр буын өкілдері ата - баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болады. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз Қазақстанның жастары бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой - беделін бұрын - соңды болмаған биікке көтерді.
Бәріміздің киелі ата-мекеніміз бар, ол - қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік - біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халқы бар. Ол - ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол - Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Мәңгілік Ел» бағдарламасында «Мәңгілік Ел» ұғымы кең әрі осы екі ауыз сөз қазақ халқының өткені мен болашағы екенің ашық түрде айтып өткен болатын. Егеменді ел болып қалыптасу жолындағы қиыншылықтарымызды тілге тиек етсек, бәлкім қағаз бетіне сыймас. Осы уақытқа дейін тар жол, тайғақ кешіп, мойымай өттік. Әр қазақтың жадында қорқынышты түс секілді сақталған ызғарлы желтоқсан оқиғасы.
Әрине, желтоқсан оқиғасын ұмыту мүмкін емес. Желтоқсанның желі, аязы, ызғары «Қанды мұзда» талай қазақ жазық болды. Ұлт қамы үшін сол күні алаңға, қайсар қазақ қыздары да шықты. Талай қазақ қыздарын да, гүлдерін де желтоқсан солдырып, тоңдырды.
Answers & Comments
Ответ:
Қазақстан ұлы дала