Бірде аң патшасы Арыстан ормандағы аңдарды жинап алыпты.Оларға үлкен жарыс өткізілетінін хабарлап,жарыстың талаптарын түсіндіріпті.Арыстан:Кімде- кім жарыстан озып келсе,менің бас хат тасушым болады.Оған жеке ін не ұя және менің қызметшім ретінде көп жеңілдіктер жасап,ай сайын жеген асын қазынадан беріп тұрамын,-деген көрінеді.Аңдардың ішінен белсеніп жолбарыс,түйеқұс,мүйізтұмсық және кенгуру шығыпты.Сонымен жарыс басталыпта кетіпті.Төртеуі алды арттарына қарамай желе жөнеліпті.Жолбарыс өз күшіне сеніп,басқа аңдарға менсінбей қарап:осылар менен асады,- дейсіңбе деп жүкіре жөнеліпті.Біраз ұзаған соң:олар жетем дегенше, демала тұрайын,-деп шөптің арасына жата кетіпті.Мүйізтұмсық тұмсығымен жер сүзіп жүгірісі өнбей,терге малынып қорсылдап келе жатқан көрінеді.Кенгуру:мәреге қайтсем бірінші жетем,-деп қалтасындағы баласының қамын жеп,қос аяқтап секіре жөнеліпті.Тек түйеқұс қана ұзын аяқтарын белгілі бір жылдамдыққа салып алып жөнкіген көрінеді.Қанаттарын жел есіп,аяғы-аяғына тимей сол жылдамдықпен мәреден бір шығыпты.Екінші кенгуру келіпті секіріп,үшінші қорсылдап мүйізтұмсық келіпті.Жолбарыс өз күшіне сеніп,орын ала алмай қалған көрінеді.Аң патшасы Арыстан жарыс қорытындысын айтып:Түйеқұсқа бас хат тасушы қызметін ұсынып,біраз сыйлықтар беріпті.Өз күшіне сенген жолбарыс дымсыз қалыпты."Өз күшіңе сенбе адал ісіңе сен",- деген сөз осыдан қалса керек.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: