«Қадірлеу» сөзінің синонимін белгіле. - Досым, сен судың не үшін керек екенін білесің бе? – Әрине, білемін. Сусыз өмір жоқ. - Неге олай ойлайсың? - Себебі су адамдарға, аң-құсқа, өсімдіктерге қажет. Сусыз тіршілік болмайды. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Біздің әр күнімізді сусыз елестету қиын. Себебі біз оны таңертеңнен кешке дейін пайдаланамыз. Таңертең тұрып беті-қолымызды жуамыз, шай ішеміз, тамаққа қосамыз, анамыз біздің кір қылдырған киімдерімізді жуады, бақшадағы гүлдерді суарамыз. - Сен «Судың да сұрауы бар» деген мәтелді қалай түсінесің? - Суды бостан-босқа ағызбау керек. Оның да шегі бар. Суды үнемдеп қолдануымыз қажет. Су – өмірдің байлығы. – Иә, суды үнемдеп қолданған дұрыс. Бұл ең дұрыс шешім. Себебі суды үнемдеп қолданбасақ, таусылып қалуы мүмкін. – Өзен-көлдегі сулар да таусыла ма? Қалай таусылады? – Әрине, табиғатты қорғамасақ, олар да таусылады. Адам аштыққа шыдаса да, шөлге шыдамайды. Сондықтан суды қадірлеу керек. Қолдану Таусылу Құрметтеу X
Answers & Comments
Ответ:
құрметтеу,сыйлау деген мағыналарды білдіреді