Қазақстанның кереметі болуға, Қазақстанның көптеген көрікті орындарын немесе археологиялық қазбалардан табылған заттарды, жерлерді жатқызуға болады. Мысалы, таңбалы тас суреттері,алтын адам.
Таңбалы тас суреттері - Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Алтын адам - 1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.
Осы секілді тағыда: қазақтың киіз үйлерін, домбырасын, Астанадағы Бәйтеректі және т.б көрікті жерлерді не болмаса түрлі ұлттық аспаптарды, заттарды , Қазақстанның кереметі болуға лайық деп ойлаймын.
Answers & Comments
Ответ: