ПОСОГИТЕ СРОЧНО НУЖНО Я НА СОРЯе 1- тапсырма. Мәтінді оқып сұрақтарға жауап бер.

Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды.
Мәтінге тапсырмалар:

І тапсырма
1.Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы қашаннан басталады? /1балл/
А/ жақын кезеңде басталды В/ әріде жатыр С/ мәтінде айтылмаған
2.Мәтіндегі «мереке», мейрам» сөздерінің мәндес /синонимі/ сөзін тап./1 балл/
А/ той, В/ достық, С/ бірлік
3.1-Мамыр Қазақстанда қандай мереке?
А/ серуендеу күні В/ халықтар бірлігі күні С/ жаңаша мереке /1 балл/​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.