Композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау» әні өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көріп, халық арасына кең тарады. Өйткені, ырғақты әрі ойнақы ән тыңдаған жанның бірден жадында қалады. Ән 1977 жылы көрерменге ұсынылған «Алты жасар Алпамыс» фильмінде қолданылды. Композитор бұл шығарманы Алматы қаласындағы Абылайхан мен Гоголь көшелерінің қиылысында тұрып жатқан кезінде жазған. «Сол үйдің балконынан алып Алатаудың ерекше көрінісін тамашалауға болатын еді», - деп еске алады композитордың зайыбы Дариға Тілендиева. «Алатау» әнін ең алғаш орындап, «Қазақ» радиосына таспалаған Суат Әбусейітов. Ал, туындыны көпшілікке кеңінен таныстырған Сара Тыныштығұлова мен Нұрғали Нүсіпжанов еді. Одан кейін «Дос-Мұқасан» ансамблі «Алатау» әнін репертуарына қосып, бейнебаян түсірді.
Answers & Comments
Verified answer