Бір өзіңнен басталды", - деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай бұл өмірдің мәні де, сәні де аяулы аналарымыз. Сондықтан мейірім шуағын төккен абзал жандардың мерекесіне орай студент жастардың жүрекжарды жазбаларын назарларыңызға ұсынбақпыз.
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз барда жасымыз жүздің асуынан асса да, өзімізді әрқашан бейкүнә сәбидей сезінеміз. Небары үш-ақ әріптен құралған сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, әрдайым баласы үшін шыр-пыр болып жүретін анамыздың жұмақ иісі аңқыған, балдай тәтті ақ сүтінің алдында мәңгілік қарыздармыз. «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда ақ сүтін ақтай алмайсың» деген халық даналығы бұл сөзімнің айғағы болмақ.
Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз. "Анаңның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық тәрбие", - деген ұлағатты сөз бекерден бекер айтылмаса керек. Себебі, қандай тәлім–тәрбие беріп, сені алтын мен аптап, күміспен күптеп қойса да, анаңның берген ақылы мен жылы алақанына ештеңе татымайды. Қорыта айтқанда, барлық адам баласы ана алдындағы перзенттік парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі, ең бақытты адам – анасы бар адамдар. Сондықтан да сіз амалдарыңыз жазылған жеке кітаптың авторысыз. Кітабыңыздың ұлы сот күні оқуға тұрарлық екеніне көз жеткізіп, ана - бақыт деген кітаптың бірінші парағы екенін ұмытпағайсыз. Себебі, Пайғамбарымыздың өзі, "бірінші анаңды, екінші анаңды, үшінші тағы да анаңды сыйла" деген екен.
Қуаныш Жағалбаева
Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,
Бір адам бар, ол өзіңсің – Ана.
Мейірімге бір өзіңнен қанам,
Жылуды да жүрегіңнен алам...
Ардақты ана, Аяулы мама...
Бұл ән «хит» болып жатқан кезде мен 1-курс студенті едім. Туған жерден, үйден жыраққа кетіп, жат қалаға кеп, жалғызсырап жүргенде осы әнді тыңдап, жылап-жылап алушы ем, несін жасырайын?! Жалғыз менің басымнан өтпеген шығар. Ата-анасының жылы құшағынан, туған бауырларының ыстық ықыласынан алыстап келген жас студенттердің бәрінде бірдей болған сезім ғой. Сағыныш... әсіресе анаға деген сағыныш ерекше болады.
Осы шығарманы жазу кезінде қатты толғаныс үстінде отыруымның өзі Ананың құдіреттілігі деп білемін. Өйткені он сегіз мың ғаламда «Ана» сөзіне теңеу табылмасы хақ.
Ана – отбасы ұйытқысы, берекесі, тірегі, жүрегі. Ананың балаға деген мейірімі шексіз. Күннің нұрындай төгіліп тұратын сол мейірімді, жылулықты, шапағатты бәріміз іздейміз, аңсаймыз... Бірақ таба алмаймыз! Себебі, бұл жалғанда дәл анамыз секілді ешбір адам бізге қамқорлық көрсете алмайды-ау. Оны мен түсіндірмесем де, Анадан туған әрбірі білетін шығар.
Осы орайда «суық күнде тоңбады ма деп, әлде жолы болмады ма деп, жалғызсырап қалмады ма деп, мені ойлап қам жеп жүрген» анам туралы жазуды жөн көріп отырмын....
Анам менің және сіңілімнің тәрбиесіне, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарамайтын. Сондықтан, «Салақтан олақ жаман», «Қыз – еркем, кестесімен көркем», «Қызға қырық үйден тыю», «Қыздың жолы жіңішке» деген мақал-мәтелдерін үнемі есіме сала отырып, қыз бала тойда, көпшілік жиналған орындарда көзге түсіп, сыналып отыратындығын ескертіп отыратын. Сонымен қоса, ер жігіт жақсы болса – әкесінің, қыз бала жақсы болса – анасының қадірі мен беделі асатындығын айтатын. Және де анам сіңілім екеумізге түйме қадап, жыртықты жамай білуге, дәмді тамақ пісіруге, үйді таза ұстап, мектепте үлгілі қыздар болуға тәрбиелеп, қыз балаға осы істердің барлығы да болашақта қажет екенін айтудан шаршаған емес. Қазір енді есейдік, бойжеттік. Алайда, анамның айтқан ақылы мен үйреткен істері әрдайым жанымда жүреді.
Әттең, ақын емеспін... әйтпесе ең ізгі жырларымның бәрін Анама арнаушы ем. Дегенмен, қазірдің өзінде қолымнан келері - Анаға деген асыл сезімімді қалам арқылы қағаз бетіне түсіру ғана. Соның өзінде дұрыс жеткізе алмадым ба деп қорқамын... Сағат түнгі төрт болды. Мына шимайды аяқтайын, Қалқаман ақынның өлең жолдарымен. Бірақ, уәде беремін, болашақта үлкен жазушы болғанда бұдан да көлемдірек шығарманы бір өзіңе арнаймын, Анашым!
Answers & Comments
Ответ:
"Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,

Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба?
Жабығып жүргендеймін жат ғаламда.
Тарылған көшелері тас қаладан,
Тарыдай бір мейірім таппағанда,
Сені сағынып кетем, Анашым!
Объяснение:
пж лайкиоценка