8-тапсырма. Берілген сөйлемдерді құрмалас сөйлем деп тануға бола ма?
Сөйлемге құрылымдық талдау жасау арқылы түсіндіріңдер.
1. Гендік инженерияны фармацевтiк өнеркәсіпте дәрі-дәрмек -
терді синтездеу мен өндіруде пайдаланса, микробиологияда адамға
пайдалы микроорганизмдер штамдарын алуда қолданады.
2. Химер жануарларда екі эмбрионның белгілері болады, яғни
төрт ата-ананың ұрпағы қатысады.
3. Химерлерді немесе трансгендік жануарларды алу тек рекон-
струкцияланған эмбрионды дұрыс трансплантациялау нәтижесінде
ғана мүмкін.