8-тапсырма. Мәтінді оқып, «Жинақтау кестесін» толтыр. 1-бағанға мәтіндегі тірек сөздерді жаз. 2-бағанға мәтіндегі тірек сөзге байланысты сөз тіркесін жаз. 3-бағанға тірек сөзді өзің бұрыннан білетін басқа сөзбен тіркестіріп жаз.
тірек сөз: 1. балама
тірек сөзбен байланысты сөз тіркесі : балама энергия
тірек сөздің бұрыннан білетін басқа сөзбен тіркесуі : балама дәрі, балама оқулық, …
Мәтін :
5-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінде қандай мәселе көтерілгенін анықтап, стилін айт. Балама энергия - энергияны табиғи шикізаттан емес, қоршаған ортаны уламайтын, таза табиғи жолмен өндіретін энергия. Балама энергия көздеріне: күн, жел, су, биоотын және геотермальды энергетика жатады. Әлемде көптеген елдер энергетикалық дағдарыстан шығу үшін балама энергияны пайдаланады. АҚШ, Канада, Англия, Қытай, Жапон елдері балама энергияны пайдаланады.
Күн энергиясы - дәстүрлі емес энергияның бір түрі. Оны пайдалану кездейсоқ емес. Күн энергиясы бітпейді әрі экологияға қатер келтірмейді. Сондықтан бұл жаңашыл идеяның болашағы үлкен. Күн - Жердегі тірішіліктің болуына, өзендердің ағуына, желдің соғуына, өсімдіктің өсуіне тікелей әсер ететін бірден-бір энергия көзі. Мұнай, газ, көмір де Күннің арқасында пайда болған. Адамзат Күн энергиясының шамамен он мыңнан бір бөлігін ғана пайдаланады екен. Күн энергиясының 1%-ын ғана пайдаланса, адамзат бірнеше ғасырға дейін энергетика мәселесін шешеді.
Біздің елімізде балама энергияны пайдалану кең тараған жоқ. Мамандардың сараптамасы бойынша, елімізде балама энергияны пайдалану 1% екен. Оны тарату - болашақтың ісі.
Answers & Comments
Ответ:
привет
Объяснение:
это правильный ответ, я занимаюсь с учителем по каз яз. Я ее попросила помочь, и она мне выслала.
Надеюсь правильно