86
11. Мәтінді тыңда.
Мен қалай оқуға бардым?
Менің Әбіш деген құрдасым бар еді.
Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бар-
дым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында
жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен.
Оқу үйренсем, мен де сондай оқыр едім деп ойға
қалдым. Үйге қайтып келдім. Оқуға барамын дедім.
Әкем мен апам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені
оқуға апарып берді.
Ахмет Байтұрсынұлы
·Тыңдаған мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
• Мәтін неліктен үш бөлікке бөлінген?
• Әр бөліктің тақырыбын анықтап, оларға ат қой.
• Төмендегі сұрақтардың жауабын жаз.
1. Әбіш маған кім болады?
2. Мені не қызықтырды?
3. Мен не істедім?
• Өзіңнің мектепке барған алғашқы күнің есіңде ме? Ойыңмен
бөліс.
47​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.