Романтизм (ағылш. romantіcіsm, фр. romantіsme, нем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыка, театр, бейнелеу өнері, эстетика және т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.
Романтизмнің адамзат мәдениеті дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді. Романтиктер ауыз әдебиеті, тарих, дін, өнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: