Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүруде. Қазақ өзі қонақжай халық болғандықтан және адами тұрғыда көпшілік тәрбиелі болғандықтан, біз өзге ұлт иелерімен тату-тәтті өмір сүрудеміз. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды.Ұлттар достығының шынайы ұйытқысы, рухани күші болған Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойы өзімізде ғана емес, өнеге-үлгі ретінде кейбір шетелдерде де аталып өтсе жаман болмас еді. Өйткені, ұлтаралық, дінаралық араздық кейбір мемлекеттерде қантөгіске әкелуде. Достық отаны Қазақстан гүлдене берсін.
Answers & Comments
Ответ: