Қазақ ұлттық әдебиетінің «алтын қорының» төрінен өзіндік орнын ойып алар сүбелі шығармалар қатарында классик жазушы, көркем сөздің майталманы Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романын айта кетсек еш жаңылмасымыз белгілі. Шығарма мазмұнына тоқталар болсақ, «Ұлпан» — тарихи роман, онда бір ғана Керей-Уаққа қарасты Сибан елінің тыныс тіршілігін суреттеу арқылы сол замандағы, атап айтқанда ХІХ ғасырдағы жалпы қазақ елінің шежіресі мазмұндалады. Шығармада ғасыр бойындағы қазақи тіршілік, оның тұрмысы, салт-дәстүрі, өзіне тән әдет-ғұрпы кеңінен қамтылған. Толығырақ айтар болсақ, бұл шығармада да Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағыдай сол заманғы қазақ халқының тыныс тіршілігін сипаттайтын жер дауы, жесір дауы, барымташылық, қыз айттыру, қалың мал беру, жарлы мен жақсының күресі тәрізді құбылыстар терең сипатталып, суреттеледі.
Answers & Comments
Ответ: