9-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға дайындық тапсырмасы үлгісі 1-тапсырма Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Нұр-Сұлтан қаласының туризм келбеті Елордамыздың туристік келбеті бас қаламыздың қайталанбас сәулеттік кескіні. Нұр- Сұлтанның құрылысы, салынып жатқан және жоспарланған ерекше нысандары, демалуға және емделуге жайлы орындар туристерге жолын ашады. Олар демалыс және ойын-сауықтар ынғайында қала өміріне жаңа ерекше мүмкіндіктерге жол береді. Бұның бәрі, біріншіден, ішкі туризмнің дамуындағы жол ашады. Әрбір Қазақстан азаматы астанасын көруді өз парызы санап, каладағы маңызды өзгерістерді, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды өз көзімен көргісі келеді Екіншіден, Нұр-Сұлтан қаласында болып жаткан халықаралық дәрежедегі іс-шараларға толь ркаңалықтардан ләззат алады. Егер бұрын отандық туристер үшін негізгі қызықтайтын нысандар “Бәйтерек” монументі, “Думан” ойын-сауық орталығы және “Атамекен” этномемориалдық кешені болса, енді оларға «ЕХРО» көрмесі, «Астана-Опера» театры, «Астана циркі», «Астана Мега», «Керуен», «Азия паркі» және тағы да басқа қызықты орындар қосылды. Қаланың қатал ауа райы елордамыздың қысқы және жазғы кезендерде ерекше. Қыс айларында Ақбұлақ жылғасынан қалалықтар мен елорда қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған мұз айдыны, аққала ұйымдастырылды. Жазда Есіл өзенінде туристік кеме қатынайды, Жұртшылық өзен бойындағы ерекше табиғатын, қаланың зәулім үйлерін тамашалап, кемемен өзенде серуендейді. Елордаға сырттан келген туристер үшін, іскерлік туризмі үлкен орын алып, насихатталуда. Осылайша, біздің елордамызға шетелдік туристерді де тартуға мүмкіндіктер ашылады. Шетелдік демалушыларды қызықтыра алатын емдік, мемориалдық, аңшылық және экологиялық туризмді атап ртуге болады. Емдік туризм Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан қалыптасып келе жаткан медициналык кластерге тікелей байланысты. Жергілікті емдеу мекемелері емдеудің жоғарғы сапалығы және салыстырмалы түрдегі қолжетімді бағасы үлкен сұранысқа Қалаға біздің бұрынғы отандастарымыздың да келіп тұрады. Мемориалдық туризм Қазақстанға жер аударылған және қуғынға ұшыраған халықтар ұрпақтары туысқандарының кесенелеріне тағзым етуге келуіне байланысты. Аңшылық және экологиялық туризм жайына тоқталсақ, қала оларға халықаралық аумақ рөлін атқара алатын қала төңірегіндегі ерекше табиғи кешендерді тамашалауға бағытталған кұмыстарымен ұнамақ. Қорыта келгенде, астаналық туризмінің тартымдылығын елеулі арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға әкеледі. Қазақстанның табиғи-географиялық, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді. (305 сөз ие. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз. шаһар - міндеті - хабарлардан биік - Шипалық - [1] [1] [1] [1] [1] 2-тапсырма Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз. 1. Елордамыздың туристік келбеті — бас қаламыздың қайталанбас сәулеттік кескіні. Бас [1] 2. Әрбір Қазақстан азаматы астанасын көруді өз парызы санап, қаладағы маңызды өзгерістерді, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды өз көзімен көргісі келеді. Астанасын [1] 3. Қаланың қатал ауа райы елордамыздың қысқы және жазғы кезеңдерде ерекше.