9-тапсырма. Мәтін мазмұнына қатысты мақалдардың біреуін таңдап, оның мағынасын таратып айт. Мақал-мәтел-дерден сын есімдерді тап. Оларға шырай формаларын жалғап, түрлен-
діріп жаз.
МАҚАЛДАР:
1)Еліктеуден солықтау жаман
2)Әсіреқызыл тез оңар
3)Ескегі әлсіз қайық ұзаққа бармайды



МӘТІН:
«Адам көркі – шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақы-
лына қарап шығарып салады» деген мақалдар бар. Дүниеде әр
халықты басқа халықтардан ерекшелеп тұратын салт-дәстүрі,
ішер асы мен киер киімдері, сыртқы түрі мен келбеті болады.
Сондықтан сыртқы келбеттің де әркімнің өз ұлтының, халқының
мәдениетіне, таным-түсінігіне сай болуы шарт. Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып білудің, әрқай-
сының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол, әрине,
өзара
қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын жайттар. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің
дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына,ондағы қоғамдық қатынастарға да тәуелді. Өмірдің бір орында
тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасы мен жағдайлар үнемі
өзгеріп отыратындықтан, оның психикасы да біртіндеп өзгеріске
түседі. Бірте-бірте мүлде бөгде өмір салты қалыптасады. Соған
қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның
сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-
парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді. (СРОЧНО)​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.