Саммитке әлемнің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық адам келген. Олардың ішінде БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун, Apple-дің негізін қалаушы Стив Возняк, Францияның экс-президенті Франсуа Олланд, кинорежиссер Кшиштоф Занусси, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің директоры Цзинь Лицюнь бар. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.
Форумды ашқан Мемлекет басшысы қатысушыларға елдегі «жасыл» экономиканың жүйелі дамуына негіз болатын Қазақстанда өткізілген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме туралы айтып берді.
«Қазақстан бұл үдерістен шет қалмайды. Жалпы алғанда, 2030 жылға қарай біздің энергобалансымызда баламалы энергияның үлесі 30 пайызға дейін жеткізіледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Президенті шараға қатысушыларды «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесеріне қатысуға шақырды.
«Ол «ЭКСПО-2017» базасында құрылған. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, биыл 5 шілде күні өтетін осы орталықтың ресми тұсаукесеріне шақырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан өзге, Астана экономикалық форумында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев көрменің мұрасы базасында құрылған жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығын таныстырды.
«Орталық Азиядағы алғашқы технологиялық орталық тұрақты инвестициялар үшін орнықты институционалдық негіз бола отырып, жаңа жасыл технологияларды, дамыған елдердегі инновацияларды дамушы әлемге әкелетін тиімді механизмге айналады деп үміттенеміз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, форум Конгресс-орталықтың ғимаратында өтуде. Мұнда 17-19 мамыр аралығында пленарлық отырыстар мен сессиялар болады. Жалпы, Конгресс-орталық ірі іскерлік кездесулер ұйымдастыру үшін арнайы құрылған. Мұнда «ЭКСПО» халықаралық көрменің ашылу және жабылу салтанаты болған, ал қазіргі таңда ірі халықаралық іс-шаралар өткізу орны болып отыр.
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение: