9-тапсырма. Төмендегі деректерді пайдаланып, мемлекет қайраткері тура- лы интервью дайындаңдар. Диалог барысында екпіннің түрлеріне назар аударыңдар. Мұстафа Шоқай (1890—1941) – Алаш қозғалысына қатысқан ірі қайраткер, Түркістан жерінің азаттық күресі топ бастаушыла- рының бірі, публицист-ғалым. Ол Қызылорда облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында туған. Сұлутөбе ауылындағы орыс білім ордасында бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Сол жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Мұстафа Шоқай 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Түркістан (Қоқан) автономиясының жойылуына байланысты Мұстафа Шоқай шетел- ге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. «Бірлік туы» газетінің не- гізін қалады. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, тұтқынға алынып, бірнеше ай түрмеде отырып шығады. Ол Берлинде қай- тыс болады. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен атала- тын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған өлкесінде оған ескерткіш қойылған.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.