9-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға ойланып жауап бер.
Мен
Мен үшін кітап оқу қаншалықты маңызды?
Неліктен мен кітап оқимын немесе оқымаймын?
Оқыған қандай кітап есімде қалды? Ол кітап несімен қызықты
болды?
Мен кітап жазсам, не туралы жазар едім? Қалай жазар едім?
Болашақта кітапханалар қандай болуы мүмкін?
және
кітап
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1.Мен үшін кітап оқу маңызды.Кітап оқу мені рухани байытады,ой-өрісімді өсіреді,тіл мәдениетімді арттырады.
2.Мен қазақ жазушыларының қызықты кітаптарын көп оқимын.Мені елімнің тарихы,ата-бабаларымның,қазақ халқымның өткен өмірінінің қандай болғаны қызықтырады.
3.Оқыған кітаптарым:Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы",Ғабит Мүсірепов"Ұлпан",М.Мағауиннің "Аласапыран",Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешу"."Абай жолы"-Ұлы Абайдың өмірі,"Ұлпан" романында ХlХ-ғасырдағы қазақ халқының өмірі,"Аласапыранда"халық тарихы мен жеке адам өмірі,"Тар жол тайғақ көшудегі"қазақ топырағындағы тарихи революция кезеңдері мен үшін қызықты болды.
4.Мен кітап жазсам елдегі қарапайым,қызықты адамдар,олардың өмірлерінің қызықты,қуанышқа толы шақтарын жазар едім.Әңгіме желісін қызықтыра отырып,көңілді тақырыпта жазар едім.
5.Болашақта кітапханалар электронды,автоматты түрде болуы мүмкін.Кітапханаларда жеке кітап оқитын кабинеттер,теру,іздеу нүктелері арқылы кітаптарды тез алдыру жүйесі,экраннан керек кітаптарды таңдап,ол кітапты оқитын жеке кабинет,жұмсақ кресло,сусыны бәрі қамтылған,кітап оқуға жағдай жасалған,бәрі тек кнопкалармен жұмыс істейтін электронды,автоматты жүйеде болуы мүмкін.