December 2021 2 9 Report
9. «Төбе шашы тік тұру» фразеологизмінің мағынасы

А) келесі

B) батыр

C) қорқу

D) қуану

Е) ашулану



10. «Құрметтеу» деген сөзге ұқсас сөзді тап:

А) құттықтау

B) аңсау

C) сыйлау

D) жинау

Е) орналастыру



11. Дұрыс сөйлемді белгіле

А) Менің бөлмем таза

B) Мен бөлмем таза

C) Менің бөлмесі таза

D) Менде бөлме таза

Е) Мен бөлмесі таза



12. Реттік сан есімнің сұрақтарын тап

А) Қандай? Қай?

В) Неше?Қанша?

С) Нешінші? Қаншасыншы?

D) Нешеден? Қаншадан?

Е) Нешеу?



13. «Менің атым- Қожа» повесін кім жазды?

А) Б. Соқпақбаев

В) М. Мақатаев

С) А. Қарсақбаев

D) А. Құнанбаев

Е) Ә. Тәжібаев



14. Көшпелілер не үшін көшіп-қонып өмір сүрген?

А) егін егу үшін

В) малға жайлы болу үшін

С) шаруа үшін

D) соғысу үшін

Е) кәсіп үшін



Мәтінді мұқият оқып шығып, тест сұрақтарына жауап беріңдер.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке - бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет.

15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.



15. Мәтінге сәйкес тақырыпты таңда.

A) Отан - отбасынан басталады

B) Келешектің өлшемі

C) Отбасы күні

D) Қоғамның діңгегі

Е) Көшпелілер мәлениеті



16. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

A) Отбасы - шағын мемлекет.

B) Отан отбасынан басталады.

C) Қоғам назарын отбасына аудару.

D) Тату болу, ынтымақтастықта болу.

Е) Үлкенге құрмет, кішіге- ізет



17. Мәтіндегі тірек сөздерді анықта

A) отбасы, Отан, бала, болашақ

B) отбасы күні, елдің дамуы, отбасының аман-саулығы

C) БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, бекітілді, отбасы мерекесі

D) сүйіспеншілік, зиялы қоғам, халықаралық

Е) ел бірлігі, ел дамуы, болашақ



18. Еліміздің келешегінің өлшемі не?

A) отбасы күні

B) жанұяның береке-бірлігі

C) елдің дамуы

D) отбасының аман саулығы

Е) достыққа адал болу



19. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?

А) Отан отбасынан басталады.

В) Бала отбасынан тәрбие алады.

С) Отбасы - шағын мемлекет.

D) Отбасы - қоғамның діңгегі.

Е) Отан- оттан да ыстық.



20. Тәуелдік жалғаулы сөзді тап.

A) Кітап

B) Ойын

C) Көрдік

D) Отаным

E) Сынып
15 баллов
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.