Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Өмірге келгеннен бастап жанымыздан табылатын мейірімді жан - ана. Дүниеде анадан жақын кім бар балаға? Өзінің жағдайына қарамаса да, баласына бәйек болады. Өз аузынан жырып бар тәтті - дәмдісін, жылы жұмсағын баласына қояды. Сәл нәрсеге қабағың түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды деп, үрейі ұшып, тыным таппай жаныңнан табылатын - да сол ғазиз жан. Анаға теңеу жетпейтіні де сондықтан. Абай атамыз: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол»- деп ескерткенін ұқтыратын ана бізді бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болсын деп бейнеттенеді. Үлгі көрсетіп өнерге, жақсыға баулиды. Әр ана өз баласын тісімен тістеп жүріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, арлы, намысты болып өсуге қолынан келгенін аямайды. Бар ана баласымен мақтанып, баласымен мың жасауды армандайды. Ана - біздің сарқылмайтын бұлағымыз. Ол біздерге мөп - мөлдір, тұнық күйінде үлгі өнегесімен сусындатуға жаралған ерекше жаратылыс иесі.Мен үшін ең күшті адам ана деп ойлаймын
Answers & Comments
Ответ: