«Сөйлеу этикеті» түсінігі «қатынас мəдениеті» түсінігімен тығыз байланысты. «Қатынас» феномені психология, философия, лингвистика, семиотика, педагогика, этика, эстетика жəне т.б. көптеген ғылымдардың негізінде дамып келеді. «Қатынас» феномені XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап əлеуметтік-психологиялық теория деңгейіндегі барлық формадағы адамдардың психологиялық өзара əрекеттері ретінде зерттеле бастады. Қазіргі уақытта қатынас психологиясының қарқынды дамуына байланысты қатынас — адамның өзара қарым-қатынасының ерекше түрі ретінде анықталады. «Қатынас мəдениеті — көптеген қызметтер: педагогикалық, публицистикалық жəне т.б. саласындағы кəсіби құзырет белгісі болып табылады» [1; 106].
Қатынас мəдениеті адамдардың мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған белгілі бір ережелері мен нормаларын сақтауға негізделген. Орта ғасырдан бастап адамдар арасындағы қатынастардың ережелері мен нормалары, соның ішінде «қоғамдағы адам əдептерінің əлеуметтік жинақталған нормалары» — этикет те жүйелене бастаған болатын [1; 270]. Этикет деп адамның рухани мəдениетімен, оның басқа адамдарға (айналасындағылармен тіл табысуы) жəне этикеттік маңызы бар заттарға (киімі, шаш үлгісі жəне т.б.) деген қатынасы айтылады. Адамдардың сөйлеу қатынасы тілдік əдептер деп аталуы қабылданған əдептің маңызды бөлігін құрайды. Н.И.Формановская жəне де басқа зерттеушілер «сөйлеу этикеті» түсінігін қалыптастырған болатын.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: