Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы деп айтамыз. Оған дәлел өте көп. Соның бірі Абайдың шығармаларының, оның ішінде өлеңдерінің тақырыптарына тоқталайық.
Шәкәрім поэзиясы — өзінің көркемдік бар асылымен Абай стилін, реалистік дәстүрін дамытқан бай мұра. Абайдың реалистік дәстүрі – Шәкәрім шығар-маларының негізгі идеялық – көркемдік нысанасы. Шәкәрім өзінің ізгі ойларын, халқына деген ақ, адал көңілін өлеңмен өрнектеген ақын. Қай тақырыпты жырласа да, ол Абайдың гуманистік идеясы үлгісінде, реалистік тәсілмен жеткізуге күш салады. Ағартушылықтың бірден – бір жолы халықтың санасын ояту деп түсінеді. Сондықтан да ақын адамгершілік имандылық ар-ождан, ақыл мен іс істеу, адалдық әділдік, бірлік, еңбек, өнер — ғылымдарды насихаттау мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Шәкәрімнің ұстазы Абай жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Шәкәрім де осы дәстүрді жалғастырды.
Answers & Comments