Бүгінгі таңда ғаламдық экологиялық мәселелер — ғаламдық, аймақтық және ұлттық мәселелер деп бөлінеді. Экологиялық қауіпті мәселелер: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әр алуандылықтың азаюы, қоршаған орта мен судың ластануы және т. б. Бұл мәселелер тек қана барлық мемлекеттердің қатысуымен, БҰҰ-ның (Біріккен ұлттар ұйымы) басқаруымен шешіледі.
Қазіргі таңда экологиялық мәселелерге ауаның ластануы , жердің тозуы, мұнай қалдықтарымен мұхит, теңіз суларының ластануы жатады. Теңіз, мұхит суларының ластануынан ондағы тіршілік көзі жойылады. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы. Осы мәселелердің алдын алу үшін мұнай өндіру құралдарына арнайы сүзгілер орнатылады. Ауаны тазарту қондырғылары орнатылады . Экологиялық мәселе біздің елімізде де орын алған. Арал теңізінің суы тартылып, экологиялық апатты аймаққа айналды. Суы тартылып, теңіздің түбі құрғап қалды. Құрғап қалған теңіз түбіндегі зиянды тұзды шаңдар желмен тарайды. Бұл тұздар ауаны ластап, қышқыл жаңбыр жауады. Экологиялық әлемдік мәселеге айналуы ауаның ластануымен тікелей байланысты. Себебі ауада мемлекеттік шекара жоқ. Сондықтан атмосферадағы ауаны қорғау ғаламдық мәселеге айналып отыр.
Қазір де экология мәселесіне кеңінен көңіл бөлініп, көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тіпті арнайы экологияны бұзғаны, ластағаны үшін айыппұл мөлшері де тағайындалып, оның қалыпқа келуіне назар аударылуда. Сондықтан досым, өзіңнің болашағың үшін, ең алдымен, қоршаған ортаның экологиясына көңіл бөл!
Напишите 4 вопроса
Answers & Comments
Ответ:
Экологиялық мәселелер неше түрге бөлінеді?
Бұл мәселелер кімнің басқаруымен шешіледі?
Арал теңізінің суы тартылып,ол қандай аймаққа айналды?
Ауада қандай шекара жоқ?
Ответ:
қандай сабақ және фотасы керек и қай сынып