9тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңдар.
1. Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қалай өткен?
2. Мұқағалидың жырлары кімдерге арналған?
3. Ақын кімнің тәрбиесінде болған?
4. Ақынмен шығармашылық байланыста болған композитор Н. Тілендиев ес- телігінде не дейді?
5. «Саржайлау» әні қалай туған?
ПОЖАЛУЙСТА ПОМОГИТЕ
Answers & Comments
1. Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қасіретті жылдармен тұспа-тұс өтті. 1932-33 жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін, екінші дүниежүзілік соғыс.
2. Ол өлеңдерін сүйген әйеліне, қыздарына, әжесіне, Фариза ақынға т.б. жақын дос-жарандарына, өзі секілді өнерге жақын адамдарға арнаған.
3. М. Мақатаев өзінің қайсар да қажырлы Тиын есімді әжесінің тәрбиесінде болған.
4. Н. Тілендиев өзінің "Біз осылай табысып едік..." деген естелігінде Мұқағалимен алғаш танысқан шағын, екеуара поэзия, шығармашылық туралы ой бөліскендерін, ақын өлеңдерін әнге айналдырғанын жазған. «Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі "Есіңе мені алғайсың" екен. Жаным күйзеліп отырын, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым» деп ақын өліміне деген күйініш білдіреді.
5. Композитор Нұрғиса Тілендиев Мұқағалиемен бірге ақынның ауылы Қарасаға демалуға барған екен. Н. Тілендиев : «Неге мына жасыл жайлау туралы ән шырқамасқа!» деп ақынға ұсыныс жасайды. Сол жерде Мұқағали Саржайлауға арнап өлең жазады.
#SPJ3