«Ақ киімді, денелі,ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдан – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды» деп Абай атамыз айтқандай, қыстың әлегі көп. Десек те, қыс өзінің ғажайып көріністерімен кімді болса да еліктірері анық. Осынау табиғаттың әсем шағында ауа тазарып, ал боранды күндері тіпті аяз да болмайды. «Боранды күні бала мен ит құтырады» деген сөз де осыдан шыққан. Қыстың әдемі көріністері туралы талай ақын-жазушылар суреттеп жазғаны баршаға аян. Сондағы қыстың әсемдігі айнала ақ көрпеге оранып, терезелер қырауланып алуан түрлі өрнектер көздің жауын алады. Халқымыз ежелден қай жыл мезгілі болса да, табиғаттың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты атауларды қолданған. Айталық, қалың жауған қарды ұлпа қар деп атаған. Бұндай кездері ормандағы аңдар қарға малтығып жүре алмағандықтан, оларды аулау да қиынға түспейтін. Осындай аң аулауға ыңғайлы шақты қансонар дейді. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген Абайдың өлеңінен де аңшылар атпен, тіпті жаяу да жүріп те аң аулауға шыққанын аңғарамыз. Қыстың әр айының өзіндік ерекшелігі бар екені белгілі. Дана халқымыз ай аттарын қояр кезде де осы ерекшеліктерді ескерген.
Answers & Comments
Ответ: