А Сұрақтарға жауап беріңдер. Сыныпта талқыландар
1. Сүйікті іспен айналысудың қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
2. Ата-бабаларымыздың қандай хоббилері болған?
3. Хоббидің тағы қандай түрлерін білесіңдер?
4. Ерекше хоббиі бар қандай адамдарды білесіңдер?
5. Қадір Мырза Әлінің хоббиі туралы не ойлайсыңдар?
20 балл берем пж көмектесіндерші
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1. Сүйікті іспен айналысу арқылы бос уақытты тиімді өткізуге болады. Сонымен қатар адам сүйікті ісімен айналысу арқылы көңілі көтеріліп, миы тынығады.
2. Ата-бабаларымыздың көне жәдігерлерді жинау, ит жүгіртіп, құс жүгіртіп, саятшылық құру секілді хоббилері болған.
3. Сурет салу, музыкамен айналысу, тоқу, тігін тігу, кітап оқу, спортпен шұғылдану т.б.
4. Клаудия Шиффер өрмекшілердің түр-түрін жинағанды ұнатады, Анджелина Джоли қылыштарды жинайды екен. Майк Тайсон болса, көгершіндер өсіреді екен.
5. Қ.Мырза Әлінің хоббиі маған жақын, мен де кітап оқып, ерекше кітаптарды жинағанды ұнатамын.