Жусанкөп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде, шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-16 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүл шоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі-тұқымша. Жусан құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанның иісін «қазақтың иісі» деп те атайды.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Жусан көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде, шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-16 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүл шоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі-тұқымша. Жусан құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанның иісін «қазақтың иісі» деп те атайды.
Автор: Лоулайт3071.