Бәріңе сәлем!
Ғаламтордың отбасы үшін берер пайдасы көп. Өйткені
отбасы мүшелері бір-бірімен ғаламтор арқылы тез ха-
барласады. Ата-ана мен балалары бір-бірі туралы хабар
біледі. Отбасы мүшелері бір-біріне суреттер, бейнетаспа-
лар жiбередi. Менің ата-анам жұмыста көп уақыт өткізеді.
Олар жұмысқа ерте кетеді, кеш келеді. Менің жанымда
әжем болады. Әжем маған ақыл айтады, мені мектепке
апарады. Ал ата-анаммен телефон арқылы жиі хабарла-
сып, хабарламалар жiберiп тұрамын. Егер ғаламтор бол-
маса, мен олармен хабарласа алмас едім. Ғаламтор менiң
отбасымды жақындатады.
Ирина
Сәлеметсіңдер ме, достар!
Ғаламтор отбасын жақындатпайды. Көп отбасында
балалар үйде ғаламторда ойын ойнайды. Отбасы мү-
шелері бір-бірімен көп сөйлеспейді. Ғаламтор отбасы-
на көп зиян әкеледі.
Менің отбасымда ата-анам мен ағам ғаламторда жиі
отырмайды. Дастарқан басында біз бір-бірімізге жаңа-
лықтарды айтамыз. Анам мектеп жайлы, сабақ үлгерімім
туралы сұрайды. Ол менің достарымды, сыныбымды
жақсы біледі. Мен дастарқан басында әкеммен, ағам-
мен сөйлесемін. Әкем іссапарда көп болады. Іссапарға
кеткенде ұялы телефонмен жиі хабарласамын. Күніне
бірнеше рет хат жазамын. Бірақ маған әкеммен үйде,
дастарқан басында сөйлесу ұнайды. Анам: «Ғаламторда
көп отырма. Көп отыру - денсаулыққа зиян,» - дейді.
Мен анамды тыңдаймын.

Сұрақтар:
1. Отбасы мүшелері бір-бірімен қалай сөйлеседі?
2. Ғаламтор отбасы үшін пайдалы ма, зиян ба?
3. Отбасын не жақындатады?
4. Ирина мектепке кіммен барады?
5. Ирина ата-анасымен қалай хабарласады?
6. Айнұр анасымен не туралы сөйлеседі?
7. Айнұр әкесімен не себепті жиі хабарласып тұрады?
8. Авторлардың қайсысымен келісесің? Неге?

Помогите ответить на вопросы пж текст наверху
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.