Ответ:XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі де бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа қүрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді. Сондай шығармаларының бірі – «Шұғаның белгісі». Повесте ең өткір мәселе – әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін бірі сүйген екі жастың – Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халі айтылады.
Answers & Comments