Ответ:
Ағаш туралы тақпақтар.
Бақшамызда көп ағаш
Өскен жақсы аралар
Ең әдемі меніңше
Құс ұясы бар ағаш
Аппақ қайың қарағай
Қосылыпты табысып
Сұлу терек, жасыл желек
Құшақтасып қабысып
Қарағайым, жұпар майың
Жібек жолмен аңқиды.
Егістікті көлемді
Қоршай ектік еменді
Ескен желден егінді.
Қорғап тұрар ол енді.
Көше бойы аралас
Қаптап өскен қара ағаш
Жемісі жоқ болса да
Саясы көп дара ағаш.
Гүлзар бақта мекені
Көрген кезде жөкені
Елтіп жұпар иісіне
Ара қаптап кетеді.
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасаң, болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Ағаш емес, біліңдер,
Асыл ана бұл тұрған.
Толған сайын түйіндер
Алма ағашы құлпырған.
Әр түйіні, қарашы,
Оған перзент-баладай.
Онсыз алма ағашы
Жалғыз басты анадай.
Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Ағаш туралы тақпақтар.
Бақшамызда көп ағаш
Өскен жақсы аралар
Ең әдемі меніңше
Құс ұясы бар ағаш
Аппақ қайың қарағай
Қосылыпты табысып
Сұлу терек, жасыл желек
Құшақтасып қабысып
Қарағайым, жұпар майың
Жібек жолмен аңқиды.
Егістікті көлемді
Қоршай ектік еменді
Ескен желден егінді.
Қорғап тұрар ол енді.
Көше бойы аралас
Қаптап өскен қара ағаш
Жемісі жоқ болса да
Саясы көп дара ағаш.
Гүлзар бақта мекені
Көрген кезде жөкені
Елтіп жұпар иісіне
Ара қаптап кетеді.
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасаң, болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетеді,
Бақшамызға қонбайды.
Ағаш емес, біліңдер,
Асыл ана бұл тұрған.
Толған сайын түйіндер
Алма ағашы құлпырған.
Әр түйіні, қарашы,
Оған перзент-баладай.
Онсыз алма ағашы
Жалғыз басты анадай.